Өрт эвакуациясы бойынша оқу-жаттығу "Жалел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі" КМҚК-да колледж білім алушыларымен

14.10.2024

09.10.2024 жылы Жалел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі КМҚК-да колледж ғимаратынан 1,2,3,4 курс студенттері мен оқытушыларын өрт сөндіру бойынша оқу жаттығуы өткізілді.Жаттығуға арнайы қызметтер тартылған жоқ. Өрт эвакуациясы бойынша оқу жаттығуы ғимараттағы адамдарды көшеге шығарумен жүргізілді. 11 сағат 45 минутта "өрт дабылы"дыбыстық сигналы берілді. Эвакуация 2 минут 00 секундта өтті. Топтардың журналдарындағы тізімдер бойынша студенттердің болуы мен болмауын салыстыру ұйымдастырылды және жүргізілді. Жаттығу барысында негізгі және қосалқы шығулар мен алғашқы өрт сөндіру құралдары тексерілді. Студенттер мен оқытушыларды колледж ғимаратынан шығару эвакуацияланушылардың мінез-құлық ережелері, эвакуация кезіндегі персоналдың іс-әрекеттері туралы нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастырылды. Өрт эвакуациясы бойынша оқу-жаттығу нұсқаулыққа толық сәйкес бұзушылықсыз өткізілді және студенттер мен оқытушыларды шығару ұзақтығының оң динамикасын көрсетті



Текст
Виртуальная приемная